Zanussi ZCV560MW1 Uživatelský manuál

Typ
Uživatelský manuál
KZ
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
UA
Інструкція 21
SK
Návod na používanie 41
CZ
Návod k použití 57
Пеш
Плита
Sporák
Sporák
ZCV560M1
Мазмұны
Жалпы мағлұмат бөлімдері _ _ _ _ _ _ _ 2
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ _ 4
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Жұмыс жүйесі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Тамақ пісіру панелі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 14
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16
Техникалық сиппатама _ _ _ _ _ _ _ _ _ 17
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Өте маңызды! Пайдаланушы
нұсқаулығын келешекте де пайдалану
үшін құрылғымен бірге сақтап қою қажет.
Егер құрылғы сатылса не басқа адамға
берілсе, оның жаңа иесі құрылғының
функцияларымен танысып, оған қатысты
қауіпсіздік шараларынан да хабардар
болуы үшін, нұсқаулықты да әрқашан
бірге беруді ескеріңіз.
Бұл ескертулер қауіпсіздік мақсатында
берілген. Құрылғыны орнатып не
пайдаланбас бұрын, нұсқаулықты
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ мұқият оқып шығуға
тиіссіз.
Орнату
Бұл пешті білікті маман өндірушінің
нұсқауларына сай орнатуға тиіс.
Осы құрылғыға қатысты жөндеу
жұмыстарын тек уәкілетті мамандар
ғана жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғыны жөндеу немесе оған қызмет
көрсету жұмыстарын тек ғана уәкілетті
қызмет көрсету маманы жүзеге асыруға
және тек фирмалық бөлшектер
қолданылуға тиіс.
Бұл пештің салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
Пешті пайдаланбас бұрын орам
материалдарының барлығын алыңыз.
Құрылғыға жалғанатын электр желісінің
параметрлері техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген талаптарға
сай келетіндігін тексеріңіз.
Пешті қандай бір жолмен өзгертуге
әрекет жасамаңыз.
Бала қауіпсіздігі
Бұл пеш тек ересек адамдар пайдалану
үшін жасалған. Балаларды қадағалап
отыру қажет, әрі оларға құрылғымен
ойнауға рұқсат бермеу керек.
Пеш іске қосылып тұрғанда ысып кетеді
және қолданылып болғаннан кейін де өз
қызуын ұзақ уақыт бойы сақтайды. Пеш
суығанша балаларды одан алыс ұстау
керек.
Балалар пеште тұрған табалар не
кәстрөлдерді тартып қалып та, өздерін
жарақаттап алуы мүмкін.
Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
не пеш жұмысына қатысты тәжірибесі
мен білімінің аздығына байланысты
пайдалана алмайтын адамдар
(балаларды қоса алғанда), пешті
пайдалану туралы ерекше нұсқауларды
алмайынша не өз қауіпсіздігін
қамтамасыз етеін адамның
қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Пайдалану кезінде
Бұл пеш тек үйде тамақ пісіруге
арналған. Бұл пеш коммерциялық
мақсатта не өнеркәсіпте қолдануға
арналмаған.
Пеш суға тиіп тұрса пайдаланбаңыз.
Пешті су қолмен іске қоспаңыз.
Гриль табасы пайдаланған кезде ысып
кететіндіктен, оны әрқашан арнаулы
қолғап киіп алыңыз не алмастырыңыз.
2
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде ысып
кетеді. Пештің ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізуден сақ
болыңыз.
Пеш іске қосылмай тұрған кезде,
басқару түймешелерінің 'OFF'қалпында
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Басқа электр құрылғыларын
пайдаланған кезде, пештің қызып
тұрған беттеріне электр сымының тиіп
қалмауын қадағалаңыз.
Май және тоңмайды пайдаланып тағам
пісірген кезде пешті ешқашан назардан
тыс қалдырмаңыз.
Бұл пешті әрқашан таза ұстау керек.
Жиналып қалған май не тағам өрт
қатерін тудыруы мүмкін.
•Тұмшапешті тек нұсқауларға сәйкес
тазалаңыз.
Пештің үстіңгі жағын жұмыс алаңына не
зат сақтайтын орынға айналдырмаңыз.
Бос ыдыстарды пісіру алаңдарына
қоймаңыз не пісіру алаңдарын ешбір
ыдыссыз пайдаланбаңыз.
Пештің керамика беті температура
әсеріне төзімді және өте берік,
дегенмен оны мүлдем сынбайды деуге
болмайды. Қатты және өткір заттар,
әсіресе пеш үстіне құлап кеткен
жағдайда пісіру алаңына нұқсан келтіруі
мүмкін.
Шойыннан құйылған ыдыстарды не
түбіне қандай да бір нұқсан келген,
кедірлі-бұдырлы ыдыстарды
пайдаланбаңыз. Ыдыстарды сырғытып
жылжытқан кезде пісіру алаңына сызат
түсуі мүмкін.
Қышқыл зат қосылған сұйықтар
мысалы, сірке суы, лимон қышқылы не
қақ кетіргіштерді пеш үстіндегі жақтауға
тигізбеңіз, әйтпесе дақ қалып қоюы
мүмкін.
Егер қант не қант қосылған тағам ыстық
тұрған пісіру алаңына тиіп, еріп кетсе,
оны ыстық тұрған күйінде қырғышты
пайдаланып дереу тазалап алыңыз.
Еріп кететін заттар мен материалдарды
мысалы, пластмасса заттарды,
алюминий қаңылтырды не тұмшапеш
қаңылтырларын пештің керамика
бетінен аулақ ұстаңыз. Егер осы сияқты
заттардың қайбірі пештің керамика
бетінде еріп кетсе оны да қырғышты
пайдаланып дереу тазалап алу керек.
Пеш үстіне сызат түспес үшін түбінің
жиегі бұдыр емес, табаны біртегіс
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
Тұмшапеш ішінде ешқашан пластмасса
ыдыстарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапештің ешбір бөлшегін
алюминий қаңылтырмен қаптамаңыз.
Тұмшапештің ішіндегі ауа айналымын
қамтамасыз ету үшін пештің арт
жағының орта шегінде орналасқан
саңылаудың бітеліп не қалқаланып
қалмағанын тексеріңіз.
3
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғының сипаттамасы
1
2
3
4
5
1 Пештің керамикалы шыны беті
2 Басқару панелі
3 Есік тұтқасы
4 Пеш есігі
5 Астыңғы суырманың есігі
Тұмшапештің іші
1
2
3
1 Тұмшапеш сөрелеріне арналған
қатарлар
2 Тұмшапеш торы
3 Тұмшапеш желдеткіші
Пештің үсті
1
2
4
5
3
1 Ш 140 мм
2 Ш 180 мм
3 Қалдық қызуды анықтайтын шам
4 Ш 140 мм
5 Ш 180 мм
4
Басқару панелі
1 2 3 4 5 6 7 8
1 Тұмшапеш функциясын басқаратын
түймеше
2 Жалпы басқару түймешесі
3 Тұмшапеш терморелесін басқаратын
шам
4 Тұмшапеш терморелесін басқаратын
түймеше
5 Алдыңғы сол жақ пісіру алаңы
6 Артқы сол жақ пісіру алаңы
7 Артқы оң жақ пісіру алаңы
8 Алдыңғы оң жақ пісіру алаңы
Керек-жарақтар
Құрылғымен қатар жеткізілген
жабдықтардан басқа ыдыстарды
пайдаланғанда, тек қызуға төзімді
ыдыстарды ғана пайдалануды
ұсынамыз(өндіруші нұсқауларына сай).
Пеш мына жабдықтармен жабдықталған:
Тұмшапеш торы
Бұл үстіне ыдыстарды (қуыру, кондитер
өнімдеріне арналған қалып т.б.) қоюға
арналған тор. Салмақ тепе-теңдігін сақтау
үшін ыдысты тордың ортасына қою керек.
Сырлы таба
5
Бірінші қолданғанға дейін
Ең алғаш пайдаланбас бұрын
Назарыңызда болсын! Пешті
пайдаланбас бұрын тұмшапештің
ішіндегі және сыртындағы орам
материалдарының барлығын алыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасы
Пеш үлгісінің нөмірін, оның есігін ашқан
кезде алдыңғы жақтаушаның астыңғы
жағында орнатылған техникалық ақпарат
тақтайшасынан таба аласыз.
Пештің қауіпсіздігі өзіне сай келетін
сақтандырғыш пен айырып-қосқыш
арқылы қамтамасыз етілуге тиіс. Пештің
техникалық сипаттары оның техникалық
тақтайшасында көрсетілген.
Бос пешті қыздыру
Ең алғаш пайдаланбас бұрын,
тұмшапешті еш тағамсыз қыздырып алу
қажет. Жағымсыз иіс шығуы ықтимал,
бірақ бұл әбден қалыпты жағдай.
1. Тұмшапеш жабдықтарын алыңыз.
2. Қандай да бір жапсырмалар не
қорғауыш таспалар бар болса, оларды
да алып тастаңыз.
3. Тиісті түймешені " 250 " қалпына
қойыңыз да, тұмшапешті шамамен 45
минут қыздырыңыз.
Бұл әрекетті гриль функциясын
қолданғанда 5-10 минуттай орындау
қажет.
Пештің керамика үсті
Пешті алғаш пайдаланбас бұрын оның
керамика бетін мұқият тазалаңыз, оны сәл
жылы не суық тұрған кезде мезгіл-мезгіл
тазалап отырыңыз. Үздіксіз күйген тағам
қалдығын не ластықты қатпайынша
тазаламаңыз.
Пештің керамика үстін шыныны
тазалағандай тазалап және күтіп ұстау
керек. Жеміргіш тазалағыш заттарды не
беті түрпілі заттарды ешқашан қолданбау
керек. Керамикалы шыны бетті ең алғаш
пайдаланған кезде одан уақытша жеке
тұрған судың булануына байланысты иіс
шығуы мүмкін.
Пеш жабдықтарын жұмсақ тазартқыш
заттармен тазалаңыз. Шайыңыз да
мұқият құрғатыңыз.
Конденсат және бу
Тағам ысытылған кезде одан қайнап
жатқан шәйнектен шығатындай бу
шығады.
Будың аздаған бөлігі тұмшапештің
желдеткіш саңылаулары арқылы сыртқа
шығарылады. Дегенмен, жиналған бу не
жылуды шығарып жіберу үшін, пеш есігін
ашарда әрқашан артқа шегініп тұрыңыз.
Егер тұмшапештің жақтауы тәрізді сыртқы
салқын бетін бу шалса, онда конденсат
түзіліп су тамшылары пайда болады. Бұл
қалыпты жағдай, тұмшапештің еш
жерінде ақау жоқ. Пештің өңі қашып не
кірлеп кетудің алдын алу үшін
конденсатты мезгіл-мезгіл сүртіп
отырыңыз.
Ыдыс-аяқ
290
°
C температураға төзімді,
тұмшапешке арналған кез келген ыдыс-
аяқты пайдалануға болады.
Тұмшапеш ыдыстарын, т.б. ыдыстарды
оның табанына тура қоюға болмайды.
Жұмыс жүйесі
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапештің барлық функцияларында
анықтағыш шам тұмшапеш қызып тұрған
кезде жанып, орнатылған температураға
жеткенде сөніп қалады (термореле
қосылғанда жанып, ажырағанда сөніп
отырады). Тұмшапеш функциясын таңдау
үшін функция түймешесін сағат
бағытымен бұрап, қажетті функцияның
белгішесіне апарып қойыңыз.
6
Функция Сипаттамасы
Конвекциямен пісіру
Конвекциямен пісіру- үстіңгі және астыңғы
қыздырғыш элементті қолданыңыз; бұл функция
өзіңіз қалайтын рецептілерді температураны арнайы
бейімдеместен-ақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл
кезде тұмшапешті міндетті түрде алдын ала
қыздырып алу қажет.
Астыңғы қыздырғыш
элемент
Тек астыңғы элементтегі тағамды ғана аяқтап пісіруге
мүмкіндік береді.
Тұмшапештің үстіңгі және
астыңғы қыздырғыш
элементтері – Желдеткіш
Қызу тағамға пештің арт жағында орналасқан
желдеткіштен шығатын, алдын ала қыздырылған
ауамен беріледі.
Гриль
Гриль жасаған кезде тұмшапештің есігін міндетті
түрде жауып қою қажет. Назар аударыңыз: гриль
функциясын макс. 210
º
C. градуста қолданыңыз.
Жібіту
(Бұл тағам пісіруге АРНАЛМАҒАН). Бұл мұздатылған
тағамдарды жылдам жібітуге арналған.
Тұмшапеш терморелесі
Тұмшапеш терморелесінің түймешесін
сағат бағытымен бұрау арқылы пісіру
температурасын таңдайсыз.
Бұл жерде көрсетілген температура
мәндері түймешеде де көрсетілген.
Температураны таңдау 50
°
C басталады
да, тұмшапештің ортасындағы
температура шамамен 250
°
C градусқа
жетеді.
Термореле басқаратын температура
әркелкі болатындықтан, көрсетілген
температуралардың аралығындағы мәнді
де таңдауға болады.
Тұмшапешті пайдалану
Назарыңызда болсын! Алюминий
қаңылтырды, пісіру табаларын не
тұмшапеш ыдыстарын оның табанына
ешқашан тура қоймаңыз.
Тұмшапештің астыңғы жағынан келетін
қызуды бөгеу, қызудың шамадан тыс көп
жиналуы нәтижесінде пештің сырын
бүлдіруі мүмкін. Іске қосулы тұрған
тұмшапеш қызып тұрады: ЖАҚЫН
ЖҮРГЕН БАЛАЛАРДЫ КӨЗДЕН ТАСА
ҚАЛДЫРМАУ КЕРЕК.
Пісіру табасы температураның ауытқуына
байланысты не оған тағам (пицца т.б.)
біртегіс жаймаланып салынбаса, уақытша
деформацияланып қалуы мүмкін.
Салқындағаннан кейін таба өз қалпына
келеді.
7
Тұмшапеш функцияларын тағам пісірудің
әр түрі үшін қалай тиімді қолдануға
болатындығы туралы практикалық кеңесті
төменнен көріңіз:
Пісіру
Конвекция арқылы пісіру қыздырылған
ауаның табиғи конвекциясы арқылы
жүзеге асырылады.
Қалай орындауға болады?
Кішкене кекс, кондитер өнімдері мен торт
қалыбындағы көпіршітілген торт
қоспаларына арналған:
1. Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз ,
тұмшапеш функциясының түймешесін
қалпына қойыңыз
a)
50
º
C бастап, 150
º
C дейін шамамен
8 мин;
b)
175
º
C бастап, 250
º
C дейін
шамамен 15 мин қойыңыз;
2. Тағамды салыңыз. Тұмшапеш
терморелесінің түймешесін қажетті
температураға қойыңыз.
Шырпы ұшымен көтеріліп пісетін торттың
пісуіне 5 мин. қалған кезде оның піскен-
піспегенін тексеріп көріңіз. Содан кейін
пісіру уақытын азайтып не созуыңызға
болады. Пісіру қалыптарының
материалы, түсі, пішімі және көлемі
сонымен қатар, рецепт те пісіру
нәтижесіне әсер етеді. Пісіру функциясы
тағам түсін біркелкі етіп пісіреді.
Астыңғы қыздырғыш элемент
Қызу тек пештің астыңғы жағынан ғана
келеді. Тұмшапеш функциясының
түймешесін бұл орынға қоюды, пісірілген
тағамды аяқтап пісіру үшін ұсынамыз.
Қалай орындауға болады?
1. Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз ,
термореле түймешесін максимум
қалпына қойыңыз да, тұмшапеш
функциясының түймешесін
қалпына 10 минуттай қойыңыз.
2. Тағамды салыңыз. Тұмшапеш
терморелесінің түймешесін қажетті
температураға қойыңыз.
Тұмшапештің үстіңгі және астыңғы
қыздырғыш элементтері – Желдеткіш
Қызу тағамға пештің арт жағында
орналасқан желдеткіштен шығатын,
алдын ала қыздырылған ауамен беріледі.
Қызу осылайша пештің барлық
бөліктеріне жылдам жетіп, бірнеше
сөреде орналасқан тағамдарды бір
мезетте пісіреді.
Мұндай тәсілді қолданып пісіргенде ылғал
сіңіріліп, нәтижесінде ауа неғұрлым
құрғай түсетіндіктен, тағамдардың дәмі
бір-біріне сіңбейді. Дегенмен, тұмшапешті
тек бір сөреде пісіру үшін қолдануға да
болады. Бұндай жағдайда, пісіру үрдісін
жақсырақ бақылау үшін төменгі сөрелерді
қолданған дұрыс.
Сонымен қатар, бұл тұмшапеш әсіресе,
тағамды жылдам жібіту үшін, сай келетін
консервлер мен үйде жасалған сироптағы
жемістерді зарарсыздандыру үшін,
саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді
кептіруге де тамаша жарайды.
Желдеткішті тұмшапешті қалай
пайдалануға болады:
1.
Пеш функциясының түймешесін
қалпына қойыңыз
2. Тұмшапеш терморелесінің
түймешесін, таңдалған температураға
қойыңыз.
Ақыл-кеңес
Желдеткішті пеште бірден көп тағам
пісірген кезде, тағамдардың
барлығын бір сөреге қойғаннан гөрі, әрбір
сөренің ортасына таратып қойғаныңыз
дұрыс.
Тұмшапешке тағамды толтыра қою үшін
пісіру уақытын сәл созу қажет болуы
мүмкін.
Тұмшапешке біртекті тағамды толтыра
салған кезде, мысалы бірдей кішкене
торттар не біркелкі "Виктория" сэндвич
торттарын салған кезде, бұлардың
барлығы да біркелкі піседі де, пештен бір
уақытта алынады. Үлкендігі әртүрлі
табаны қолданғанда не әртүрлі тағам
түрлерін, мысалы печенье не торт
8
түрлерін пісірген кезде, бұлардың
барлығы міндетті түрде бір уақытта пісуге
тиіс емес.
Желдеткішті пешті мысалы, жеміс
тарталеткасы, мейізі бар бәліш, шұжық не
ет қосылған пирожок және басқа кішкене
кондитер өнімдерін алдын ала жібітпестен
қыздыру үшін пайдалануға болады. 190 -
200
°
C температураны пайдаланыңыз да,
20-40 минуттай(пештегі тағамның
мөлшеріне қарай)қыздырыңыз.
Температуралар тек жалпылама ұсыныс
ретінде ғана берілген. Температураны
жеке талаптарыңыз бен қалауыңызға сай
көбейтіп не азайту қажет болуы мүмкін.
Ыдыстардың пісіру нәтижесіне тигізер
әсері
Ыдыстар мен қалбыр сауыттардың
қалыңдығы, жылу өткізгіштігі, түсі, т.б.
қасиеттері әртүрлі, әрі олар жылудың
ыдыс ішіндегі тағамға өтуіне әсер етеді:
1. Алюминий, керамика, тұмшапеште
қолданылатын шыны ыдыстар және
жылтырақ ыдыстар тағамды тездетіп
пісіреді және оның түп жағын да тезірек
қызартады.
2. Сырлы шойын, анодталған алюминий,
іші зат жабыспайтын материалмен
қапталған алюминий және сырты
боялған, сондай-ақ түсі баран және
ауыр ыдыстар тағамды баяу пісіреді
және түп жағын да баяу қызартады.
Гриль
Назарыңызда болсын! Гриль жасаған
кезде құрылғының қол жетер жердегі
бөліктері қызып кетеді және пешті
байқаусыз қалдырмаған жөн.
Балалардың оған жақын ойнауына жол
бермеңіз. Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде ысып кетеді. Тұмшапештің ішіндегі
қыздырғыш элементтерге қол тигізуден
сақ болыңыз.
Бұл функция үшін қажетті максимум
температура 210
º
C.
Майдың үлкендігі, салмағы, көлемі, тіпті
еттің бастапқы температурасы да пісіру
нәтижесі мен гриль арқылы пісіру үрдісінің
ұзақтығына әсер етеді. Балық, құс еті,
бұзау және шошқа еті, сиыр және аң еті
тәрізді қаралтым еттердей қызарып
піспейді. Көкөніс майы және/не
дәмдеуіштер арқылы да түсін жақсартуға
болады, бірақ бұл еттің күйіп кету қаупін
де ұлғайтады.
Пісіру нәтижесін жақсарту үшін тағамды
тоңазытқыштан алған бетте
грильдемеңіз. Етті құрғатыңыз да
тұмшапештің сөресіне қойып,
дәмдеуіштер қосып дәм-татымын
келтіріңіз. Қаңылтырмен жақсылап
қапталған тұмшапеш ыдысын аққан май
тәрізді заттарды жинап алу үшін сөренің
астына қойыңыз. Шошқа етінің кесектері,
стейк және балықты жоғарырақ қойып
грильдеу керек болса, жеке-жеке
қабырғалардың қалың етін төменірек
қойып грильдеген жөн.
Функцияны басқаратын түймешені
қалпына қойыңыз да, температураны
басқаратын түймешені қажетті
температураға қойыңыз (максимум 210
º
C). Гриль құрылғысын 3-5 минут
қыздырыңыз. Тағамды назардан тыс
қалдырмаңыз, кем дегенде бір рет
аударыңыз. Тағамды ұзақ уақыт грильдеу
оны кептіріп, солдырып, тіпті күйгізіп
жіберуі де мүмкін. Гриль жасаған кезде
тұмшапештің есігі жабық тұруға тиіс.
Жібіту параметрлері
Функцияны басқаратын түймешені
қалпына қойыңыз. Мұздатылған ет,
балық, үсті әрленген не толтырғыштар
салынған нан-тоқаш өнімдерін жібіткенде
температураны басқаратын құралды
өшіріп қойыңыз.
Тұмшапеш сөрелері/пісіру табаларын көп
мөлшердегі тағамды жібіту үшін бірнеше
қатарға орналастыруға болады. Бұл
жерде қажетті уақыттар берілмейді. Істікті
қолданып тексеріп көріңіз.
9
Ақыл-кеңес
Жібіту кезінде тағам кебірсіп кетпес
үшін бетін қақпақпен, алюминий
қаңылтырмен не пластик таспамен
жабыңыз.
Балық филесінің кішкене не жұқа тілігін не
қабығы аршылған креветка, фарш, бауыр
және майда туралған ет 1-2 сағатта
жібиді. Тағам тазалығын тиісті түрде
қамтамасыз ету үшін жібітілген тағамды
дереу пісіріп не тоңазытқышқа салуды
ұмытпаңыз.
Жібітілген тағамды бөлме
температурасында ҚАЛДЫРМАҢЫЗ.
Жібітілуге тиіс тағамды мүмкіндігінше бір
қабаттан салыңыз да, жібітудің орта
тұсында аударып қойыңыз.
Пеш шамы
Бұл шам тұмшапеш функциясын
басқаратын түймеше қосылғанда жанып,
тұмшапеш жұмыс жасап тұрғанда жанған
күйі тұрады.
Пеш терморелесінің сигнал шамы
Бұл шам температура таңдалған кезде
қосылып, таңдалған температура
деңгейіне жеткенше жанған қалпында
тұрады.
Содан кейін, жанып-сөну арқылы қажетті
температура деңгейінің орнағанын
хабарлайды.
Оттықтың сигнал шамы
Бұл шам оттықтың түймешесі қосылғанда
жанып, олар қолданылып тұрғанда
жанған қалпы тұрады.
Пісіру алаңдары
Пісіру алаңдары басқару панеліндегі
түймешелер арқылы жұмыс істейді.
Басқару түймешесінде 1-ден 12-ге дейінгі
сандар көрсетілген.
0 Off (Өшірілген)
1 Минимум қызу
12 Максимум қызу
Бір шығырықты пісіру алаңын қосу
Пісіру алаңын қосу үшін тиісті басқару
түймешесін қажетті қыздыру параметріне
қойыңыз.
Назарыңызда болсын! Егер пештің
беті шытынап кетсе, электр қатеріне
ұшырамас үшін құрылғыны желіден
ажыратып қойыңыз.
Қалдық қызуды анықтайтын шам
Бұл ескерту шамы пісіру алаңының беткі
температурасы күйіп қалу қатерін
тудыруы ықтимал температураға жеткен
кезде жанады. Бұл шам сонымен қатар
қызған пісіру алаңы сөндірілген соң да,
оның бетіндегі қалдық жылу әлі де күйіп
қалу қатерін тудыратындай болса жанған
қалпы тұрады. Шам тек ешбір қатер
болмаған жағдайда ғана өшеді
(температура 50
°
C төмен болса).
Пісіру құрылғысы
Пайдаланылатын ыдыс пен пісірілетін
тағам түріне қарай қандай қызу параметрі
мен пісіру алаңдарын қолдану туралы
ақпаратты төмендегі тараудан алыңыз.
Қайнату
Пісіруді әдетте максимум қызуға қойылған
оттықты төмен қызу параметріне қоймай
тұрып бастайсыз. Су көпіршіктерінің
дыбысы мен мөлшері қажетті параметрді
таңдауға көмектеседі:
БАЯУ ҚЫЗУ: Газдалған судағыдай
кішкене-кішкене көпіршіктер пайда болып
шымырлап қайнайды. Күріш, балық пен
қант бұршағы және брокколи тәрізді
көкөністерді пісіруге жарайды.
ОРТАША ҚЫЗУ: Үлкенірек көпіршіктер
пайда болып баяу қайнайды. Ет, түйнекті
10
көкөніс пен картоп тәрізді көпшілік тағам
түрлерін пісіруге жарайды.
ЫСТЫҚ: Су қарқынды түрде көпірши
бастаудың алдында ешбір дыбыс
естілмей қалады. Макарон мен күрішке
арналған суды қайнатуға жарайды. Содан
соң, баяу пісіру үшін қызуды азайтып
қойыңыз.
Қуыру
Тағамды тоңазытқыштан шығара салған
күйі пайдаланудан сақ болыңыз. Ыдыс
түбінің тек 2/3 бөлігіне ғана тағам
толтырылуға тиіс.
Қуыру ыдысына маргарин не сарымай
салыңыз да, ұсынылған қызу параметрін
орнатыңыз. Ең жақсы нәтижеге жету үшін
май түсінің (температурасы)жақсы
екендігін қуыруды бастамас бұрын
тексеріп алудың маңызы зор. Майдың
түсінің қандай екенін ашық түсті қырғышты
ыдыс түбіне ұстап тұрып көріңіз.
СӘЛ ҚЫЗАРТЫЛҒАН ТОҢМАЙ:
Жұмыртқа, пияз, шикі картоп, кесек ет,
стейк пен бүтін балық т.б. пісіруге
жарайды.
ҚЫЗАРТЫЛҒАН ТОҢМАЙ: Құймақ, ұсақ
туралған ет, шұжық, балықтың жұқа
филесі мен бұқтырылатын стейк үшін
жарайды.
ӘБДЕН ҚЫЗАРТЫЛҒАН ТОҢМАЙ: Жұқа
стейктер үшін жарайды. Тоңмай жылдам
күйіп кететіндіктен абай болыңыз.
Сай келетін ыдысты таңдау
Пештің керамика үстіне қойып
пайдаланатын ыдыстардың түрі мен
қандай жағдайда екендігіне назар
аударыңыз.
Төмендегілерді есте ұстаңыз:
ыдыстың түбін тексеріңіз. Түбі шығыңқы
(дөңес) ыдыстар пеш үстінде бір
орында тұрмай айналуға бейім келеді
және қызуды аса жақсы өткізбейді.
алюминийдің жылу өткізгіштігі аса
жақсы, бірақ одан пеш үстінде күміс
түсті іздер қалады.
шыны ыдыстар мен табаны сырлы әрі
бұдыр бедерлі ыдыстарды пеш үстінде
ары-бері жылжытып тарту, пештің үстін
басқа материалдарға қарағанда
жылдам тоздырады.
Уақытты және қуатты да үнемдеу үшін
ыдыстың пеш бетіне жанасатын түбі
мынадай болуға тиіс:
үлкендігі кем дегенде оттықтың
үлкендігіне сай болуға тиіс. Егер
ыдыстың табаны оттықтан кіші болса,
тасып төгілген кез келген тағамның
оттық үстінде жанып кетуі әбден
ықтимал.
майда әрі ұсақ бедерлі болуға тиіс.
•біртегіс болуға тиіс. Түбі тым шығыңқы
не тым кіріңкі ыдыстарды қыздыруға
көбірек уақыт кетеді.
Жаңа ыдыс сатып алған кезде түбі
сэндвич тәрізді(яғни әртүрлі металл
қабаттарынан қабатталып жасалған) тот
баспайтын болаттан жасалған ыдысты
таңдауды ұсынамыз.
11
Қуатты үнемдеңіз!
Ыдыстың қақпағын жауып пісірген
кезде пайдаланылатын қуаттың тең
жартысы үнемделеді(қақпақсыз
пісірген кездегімен
салыстырғанда).
Түбі жалпақ ыдысты пайдаланған кезде
пайдаланылатын қуаттың 25%
үнемделеді (табаны біртегіс емес
ыдыстармен салыстырғанда).
Пеш бетінің таза әрі құрғақ екендігіне
көз жеткізіңіз. Ластық пен ылғал ыдыс
пен пеш оттығының арасындағы жылу
өткізгіштікті азайтады.
Оттықты өшіріңіз де, тағамды қалдық
жылуды пайдаланып пісіріңіз.
Буға бұқтыру мен қысым арқылы пісіру
арқылы қуатты үнемдеңіз.
Тамақ пісіру панелі
ПІСІРУ КЕСТЕСІ
Тағам Сөре
қатары
астынан
басталады
Алдын ала
қыздыру,
мин.
Температур
а
°
C
Температур
а
°
C
Ұзақтық,
мин.
Өрме тоқаш 2 8-10 160-170 ---- 15-20
1+2 8-10 ---- 150-160 15-20
Кішкене
торттар
2 10-12 160-170 ---- 20-25
1+2 10-12 ---- 155-165 20-25
Кристмас
торты
2 15-20 250
1)
160-170
----
45+10
2)
2 ---- ---- 150-160
45+10
2)
Үгітілмелі
торт
2 15-20 180-190 ---- 30-35
2 ---- ---- 170-18035-4
5
35-45
Меренге 2 ---- 130-140 ---- 40-50
1+2 ---- ---- 120-130 45-55
Ашытылған
қамыр
тоқаштары
2 10-15 210-220 ---- 10-15
1+2 10-13 ---- 180-200 10-20
Жалпақ торт 2 10-12 170-180 ---- 30-35
1+2 8-10 ---- 160-170 30-40
Майсыз
көтерілген
торт
2 10-12 160-170 ---- 25-30
12
ПІСІРУ КЕСТЕСІ
Тағам Сөре
қатары
астынан
басталады
Алдын ала
қыздыру,
мин.
Температур
а
°
C
Температур
а
°
C
Ұзақтық,
мин.
2 8-10 ---- 150-160 30-35
Чизкейк 2 ---- 170-180 ---- 55-75
2 ---- ---- 150-160 55-75
Варенье
қосылған
рулет
2 10-13 170-180 ---- 15-20
2 10-13 ---- 160-170 15-20
"Petit Choux" 2 10-15 190-200 ---- 10-20
2 10-13 ---- 190-200 10-20
Алма торты 2 ---- 180-190 ---- 40-50
2 ---- ---- 160-170 40-50
Алма бәліші 2+2 12-15 175-185 ---- 60-65
1+2 ---- ---- 165-175 50-55
Таба торты 2 ---- 170-180 ---- 45-50
1+2 ---- ---- 160-170 45-50
Шаруа наны 2 15-20
250
1)
190-200
---- 50-60
Киш лорен 2 15-20 220-230 ---- 20-30
1 10-15 ---- 200-210 20-30
Пицца 2 ---- 210-220 ---- 30-35
1 ---- ---- 210-220 30-35
1) алдын ала қыздыру уақыты
2) тұмшапеш функциясын басқаратын түймешені өшірген соң пеште ұстап тұру уақыты
ҚУЫРУ КЕСТЕСІ
Тағам Сөре қатары
астынан
басталады
Температура
°
C
Температура
°
C
Ұзақтық, мин.
Бүтін тауық 2 190-200 ---- 60-70
2 ---- 160-170 45-50
Шошқаның
қуырылған еті
2 190-200 ---- 90-100
2 ---- 160-170 80-90
13
ГРИЛЬДЕУ КЕСТЕСІ
Тағам Сөре қатары
астынан
басталады
Алдын ала
қыздыру,мин.
Температура
°
C
Ұзақтық,
мин.
Қыздырылған
нан
2 6 230 4-5
"Hochsteaks" 2 10 200 20+20
Тауықтың
жарты еті
2 ---- 230 25+20
Шошқа етінің
котлеті
2 ---- 230 30+25
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Бұл пешті
әрқашан таза ұстау керек. Жиналып
қалған май не тағам өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
Назарыңызда болсын! Тазаламас
бұрын барлық басқару
түймешелерінің Өшіру (OFF) қалпында
тұрғанын және құрылғының әбден
суығандығын тексеріп алыңыз.
Назарыңызда болсын! Қандай да бір
жөндеу не тазалау жұмыстарын
жүргізбес бұрын міндетті түрде пешті
электр желісінен АЖЫРАТЫП алуыңыз
қажет.
Тазалағыш материалдар
Қандай да бір тазалағыш затты пешті
тазалау үшін пайдаланбас бұрын
олардың жарамдылығын әрі осы өнімді
өндірушінің оларды ұсынатын не
ұсынбайтынын тексеріп алыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрамында
ағартқыш қоспасы бар тазалағыш
заттар құрылғының беткі қабатының өңін
солғын тарттыратындықтан, оларды
қолданбаған жөн. Бумен тазалайтын
аспап пен қатты түрпілі заттарды
пайдаланбау қажет. Тұмшапеш пен оның
үстін тазалау үшін бумен тазалағыш
аспапты пайдаланбаған жөн.
Керамикалы шыны
Өте маңызды! Ыстық тұрған керамикалы
шыны бетке тазалағыш заттарды тигізбеу
қажет! Тазалағыш затты пайдаланып
тазалап болған соң, олардың барлығын
таза суды көп мөлшерде пайдалана
отырып пеш бетінен мұқият арылту қажет,
себебі шығырықты келесі жолы қайта
қыздырған кезде олар зиянды әсер
тудыруы мүмкін!
Қандай да бір жеміргіш тазалағыштарды,
мысалы, гриль не пеш бүріккіштерін,
сызат түсіруі ықтимал түрпілі
тазалағыштарды не ыдыс тазалағыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Керамикалы шыны бетті әрбір
пайдаланып болған сайын,
жылымшы тұрғанда не суыған соң
тазалап отырыңыз. Осылайша жиналған
қалдықтың жанып кетуіне жол бермейсіз.
Қақ пен судан қалған жолақ іздерді, май
тамшысын және металл іздерді сатудағы
керамикалы шыны не тоттанбайтын
болатқа арналған тазалағыш заттармен
тазалаңыз.
Аз ластық
1. Керамикалы шыны бетті аздап
тазалағыш зат қосылған дымқыл
шүберекпен сүртіңіз.
14
2. Содан соң, таза шүберекпен құрғатып
сүртіңіз. Құрылғы бетінде ешбір
тазалағыш заттың қалдығы қалмауға
тиіс.
3. Керамикалы шыны бетті аптасына бір
рет сатудағы керамика шыны беттерді
тазалайтын затпен толықтай тазалап
отыруыңыз қажет.
4. Содан кейін, құрылғының керамика
бетін көп мөлшердегі таза сумен
тазалаңыз да, түгі шықпайтын
шүберекпен мұқият құрғатып алыңыз.
Оңай кетпейтін ластық
1. Тасып төгілген не күйіп кеткен ас
қалдықтарын шыны қырғышпен
тазалап алыңыз.
2. Шыны қырғышты керамика бетке
бұрыш жасап ұстаңыз.
3. Қырғышты ары-бері жылжыту арқылы
ластықты тазалап алыңыз.
Шыны қырғыштар мен керамика
шыныларды тазалағыш заттарды
арнайы бөлшек сауда орындарынан ала
аласыз.
Күйіп кеткен тағам қалдығы
1. Күйіп кеткен қант, еріген пластмасса,
алюминий қаңылтыр не басқа еріп
кеткен материалдарды пештің үсті
жылы тұрған кезде шыны қырғышты
пайдаланып жылдам тазалап алыңыз.
2. Пісіру алаңын суығаннан кейін де бір
рет әдеттегідей тазалап алыңыз.
Өте маңызды! Ыстық пісіру алаңын шыны
қырғышпен тазалаған кезде күйіп қалу
қатері бар!
Егер пісіру алаңы ластықты тазалап
алмас бұрын салқындап кетсе, оны
қайта жылытып барып тазалаңыз.
Керамикалы шыны бетке табанының
жиегі өткір қырлы ыдыстардан түскен
сызаттар не қаралтым дақтарды кетіру
мүмкін емес. Дегенмен, бұлар пісіру
алаңының функциясына ешбір әсер
етпейді.
Назарыңызда болсын! Құрылғының
беті шытынап кетсе, электр қатеріне
ұшырамас үшін желіден ажыратып
қойыңыз.
Пеш үстінің жақтауы
Өте маңызды! Сірке суы, лимон не қақ
кетіргіштерді пеш үстінің жиегіне
қоймаңыз, әйтпесе қошқыл дақтар қалып
қояды.
1. Пештің жақтауын аздаған жуғыш зат
қосылған дымқыл шүберекпен сүртіп
алыңыз.
2. Кеуіп қалған ластықты дымқыл
шүберекпен жібітіп алыңыз. Содан соң
сүртіп алыңыз да құрғатыңыз.
Сыртын тазалау
Тек құрылғының бетіне сызат түсірмейтін
тазалағыш заттарды пайдалануды
ұсынамыз. Металл заттар, болат жөке,
нейлон жөке, түрпілі не жеміргіш заттар не
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Пешті тазалау
Егер тұмшапеш қатты ластанып кетсе:
1. қатып қалған қалдықтарды тазалау
үшін арнайы қырғыш не сол сияқты
затты қолданыңыз
2. тұмшапештің ішіне сабынды таратып
жағу үшін жөкені қолданыңыз.
3. тұмшапеш есігін жабыңыз
4.
тұмшапешті (үстіңгі/астыңғы)
қойып, температураны 100 º C
градусқа шамамен 10 минут қоя
тұрыңыз.
5. тұмшапеш суыған соң оның бетін таза
сумен жуыңыз. Бетін құрғата сүртіңіз.
Тұмшапеш есігі
Тұмшапештің есігін топсаларынан
босатып алу
Тұмшапешті оңай тазалау үшін оның есігін
алып қоюға болады. Тұмшапеш есігін
көлденеңінен ашыңыз. Содан кейін пеш
есігінде орналасқан екі топсадағы
бекіткіштерді шегіне жеткенше көтеріңіз
(a). Есікті ақырын тоқтағанынша жауып
15
барып топсалары шыққанша жоғары
көтеріңіз (b).
a
15°
b
Тұмшапештің есігін топсаларға қайта
орнату
Есікті топсаларына қайта қондырған кезде
есікті топсасынан алған кезде орындаған
әрекеттерді кері тәртіп бойынша
орындаңыз. Есік топсаларын ойыстарға
қайта салыңыз (c). Осылай істегенде
топсалардың мығым әрі біркелкі
орнағанын қадағалаңыз. Содан соң есікті
ақырын төмен түсіріңіз. Осы әрекетті
орындаған кезде есік бұрыштарының
төменгі жақтауға тиіп кетпеуін ескеріңіз
(егер осы жағдай орын алса, есікті қайта
көтеріп барып топсаларды түзетіңіз).
15°
c
d
e
Ең соңында бекіткіштерді тұмшапешке
қарай төмен иіңіз (d). Есік дұрыс жабылу
үшін бекіткіштерді бір затпен (мыс., шеге
бұрағышпен) төмен басыңыз (e). Есіктің
дұрыс жабылып тұрғандығын оны ақырын
ашып-жауып тексеріп көріңіз.
Өте маңызды! Есік топсасының бекіткішін
ешқашан көтерілген қалпы қалдырмаңыз.
Әйтпесе серіппе адамды жарақаттау
қатерін туғызуы ықтимал.
Тұмшапеш шамын ауыстыру
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырап қалмас үшін,
құрылғыларды өшіріңіз де, шамды
айырбастамай тұрып электр желісінен
ағытыңыз.
Егер тұмшапеш шамын айырбастау қажет
болса, ол төмендегі мәндерге сай келуге
тиіс:
Қуаты, Вт: 15 Вт
Кернеу: 230/240 В 50 Гц
Температуралары: 300° C
Сымның түрі: E 14
Күйіп кеткен шамды ауыстыру үшін:
1. шыны қалпақты сағат бағытына қарсы
бұрап алыңыз.
2. ақаулы шамды бұрап алыңыз да,
орнына жаңасын салыңыз.
3. шыны қалпақты қайта кигізіңіз.
4. пешті қайтадан электр желісіне
қосыңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Егер құрылғы дұрыс істемей тұрса,
жергілікті Electrolux қызмет көрсету
орталығына хабарласпас бұрын келесі
тексерулерді жүзеге асырыңыз.
16
Белгілері Келесіні тексеріңіз
Пісіру алаңдары жұмыс
істемей тұр
құрылғы қосулы тұрғандығын
басқару панеліндегі басқару шамдарының жанып
тұрғандығын
тиісті пісіру алаңының қосылып тұрғандығын
айырып-қосқыш қажетті қызу параметрінде тұрғандығын
үйде орнатылған сақтандырғыштар(сақтандырғыш
қорабы) ағытылып қалған. егер сақтандырғыштар қайта
ағытылып қалса, уәкілетті электр маманын шақырыңыз
Пеш қосылмай тұр пісіру функциясы/температурасының дұрыс
таңдалғандығын
розетка қосқышы не электр желісінің қосқышы
ҚОСЫЛУЛЫ (ON)тұрғандығын тексеріңіз.
Тағам пісіруді аяқтауға
өте көп уақыт кетеді не
олар өте жылдам пісіп
кетеді
температураны қайта реттеп қою қажет болуы мүмкін
Егер осы тексерулер орындалған соң да
құрылғы жұмыс жасамай тұрса, жергілікті
қызмет көрсету орталығына хабарласпас
бұрын мына ақпараттарды дайындаңыз:
1. Аты-жөніңіз, мекен-жайыңыз және
пошта индексіңіз.
2. Телефоныңыздың нөмірі
3. Ақаулыққа қатысты қысқа да нұсқа
мәлімет
4. Құрылғының үлгісі мен сериялық
нөмірі (пеш техникалық ақпарат
тақтайшасын қараңыз)
5. Пеш сатылып алынған ай-күн
Өте маңызды! Егер төмендегі тізімде
көрсетілген ақаулықтар үшін не дұрыс
пайдаланбау мен орнатпаудың
нәтижесінде орын алған ақауларды
жөндету үшін арнайы маман шақырсаңыз,
бұйымның кепілдік мерзімі әлі аяқталмаса
да жөндеу жұмыстары үшін төлемақы
алынады.
Техникалық сиппатама
ZCV560M1
Пештің үсті Алдыңғы сол жақ пісіру
алаңы
Ш 180 мм 1800 Вт
Артқы сол жақ пісіру алаңы Ш 140 мм 1200 Вт
Алдыңғы оң жақ пісіру
алаңы
Ш 140 мм 1200 Вт
Артқы оң жақ пісіру алаңы Ш 180 мм 1800 Вт
Пеш үстінің
жалпы қуаты
6000 Вт
17
ZCV560M1
Тұмшапеш Тұмшапеш элементі
Астыңғы қыздырғыш
элемент
900 Вт
Үстіңгі қыздырғыш элемент 850Вт
Гриль элементі 1800 Вт
Конвекциялы желдеткіш 35 Вт
Пештің ішкі жарықтамасы 15 Вт шам, E 14
Тазалау қолмен
Тұмшапештің
жалпы қуаты
1815Вт
Қосылым Номинальды кернеу 230В
Номинальды жиілік 50 Гц
Қосымша
жабдықтар
Сөре
Қосымша таба Сырмен
қапталған
Пештің жалпы
қуаты
7815Вт
Өлшемдері Биіктігі 850 мм
Ені 500 мм
Тереңдігі 600 мм
Орнату
Назарыңызда болсын! Өндіруші
мына қауіпсіздік шаралары
сақталмаса қандай да бір
жауапкершіліктен бас тартады.
Бұл құрылғыны орнатуға қатысты барлық
жұмыстарды міндетті түрде қолданыстағы
ережелер мен нұсқауларға сай МАМАН
ҚЫЗМЕТКЕР орындауға тиіс.
Құрылғы міндетті түрде "Y" ережесіне
(EN60.335-2.6) сай орнатылуға тиіс. Пешті
жұмыс алаңынан биігірек орнатуға
болмайды.
Пешті орнатқан кезде кейін бұзылып
қалған жағдайда, жөндеуші маман оған
оңай қол жеткізетіндей болуын
қадағалаңыз.
Құрылғыны электр желісіне қоспас бұрын
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген кернеу және жиіліктің желі
параметрлеріне сай келетіндігін тексеріп,
көз жеткізіп алыңыз.
Бұл құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
керек.
Орналасуы
Бұл пеш Өрт Қауіпсіздігі ережелеріне сай
"Y санатына" жататын құрылғы ретінде
тіркелген. Пешке іргелес орналасқан ас үй
жиһазының не зат қабырғасының биіктігі
пештен аспауға тиіс.
Пешті ас үйге, ас үй/ауқат алу не отырып
демалатын бөлмеге орнатуға болады,
18
бірақ монша не жуынуға арналған
бөлмеге орнатуға болмайды.
Пештің жоғарғы жағына жанып кетуі
мүмкін затты орнатқан кезде пеш пен осы
заттың арасында ең кем дегенде 69 см
арақашықтық сақталуға тиіс
or
690
690
610
Электр қосылымдары
Назарыңызда болсын! Пештің үстін
орнатуға қатысты кез келген электр
және қорек кабеліне қатысты жұмыстарды
электр маманы не білікті адам
қолданыстағы ережелерге сай жүзеге
асыруға тиіс.
Бұл пеш 230В, 50Гц ток желісіне қосуға
арналып жасалған. Пешті электр желісіне
қосу үшін H05 RR-F кабелін
пайдаланыңыз.
Электр көзіне қоспас бұрын желідегі
кернеудің техникалық ақпарат
тақтайшасындағы кернеуге сай келер-
келмесін тексеріп алыңыз.
Бұл пеш қорек кабелімен қоса
жеткізілмейді. Иілгіш кабель №1 кестеде
берілген спецификацияға сай орнатылуға
тиіс.
Егер электр желісіне тура жалғасаңыз, III
санатқа жататын асқын кернеу
жағдайында, контакттарының арасында
ең кем дегенде 3 мм орын сақталатын көп-
полюсті ажыратқышты орнатуыңыз қажет.
Ажыратқыш пештен 2м-ден алшақ
орнатылмауға әрі орнату жұмысын аяқтап
болған соң оған қол оңай жетуге тиіс.
Жерге қосуға арналған сары-жасыл сымға
бұл ажыратқыш кедергі жасамауға тиіс.
Өте маңызды! ЕСКЕРІМ: Жерге қосуға
арналған кабель кернеулі және нейтрал
сымдарға қарағанда 2 см ұзынырақ
болуға тиіс.
Назарыңызда болсын! Егер қорек
сымы бүлініп қалса электр қатеріне
ұшырамас үшін оны өндіруші не оның
қызмет көрсететін уәкілетті маманы не
сол сияқты маман ауыстыруға тиіс.
Назарыңызда болсын! Қорек сымын
төмендегі диаграммада
көрсетілгендей жалғаңыз.
19
A
B
A) Қорек сымы
B) Қапсырмалар
Жалғамай тұрып келесіні тексеріңіз:
сақтандырғыш және басқа да
тұрмыстық электр бұйымдары пештің
жүктемесін көтере алатындай болуы
керек (техникалық ақпарат
тақтайшасын қараңыз);
Розетка не көпполюсті айырып-қосқыш
құрылғыны орнатқан соң да қол оңай
жететін жерде тұруға тиіс.
Қалай орындауға болады?
Құрылғының артындағы бұйымды
қорғауға арналған қақпақты ағытып
алыңыз;
Қорек сымын пештің артындағы
ағытпаға жалғаңыз;
Сымды қапсырма арқылы бекітіңіз;
Ағытпаға жалғау желідегі электр
қуатына сай келетіндігн тексеріп
алыңыз;
Құрылғының артындағы бұйымды
қорғауға арналған қақпақты орнына
қайта қойып бұрап бекітіңіз.
Номинал
ьды
кернеу
230V ~/ 400V 3~/ 230V 3~/ 400V 2N~
Қосылым
түрі
Бір фазалы Үш фазалы Y 3
фз. + нейтрал
Үш фазалы Үш фазалы Y 2
фз. + нейтрал
Ағытпаға
кабельді
жалғау
Желі
кернеуі
230В ~ 400В 3~ 230В 3~ 400В 2N~
Қыздырғ
ыш
элементт
ердің
кернеуі
230 В 230 В 230 В 230 В
Сақтанд
ырылаты
н қуат
35 A 3 x 16 A 3 x 20 A 2 x 25 A
Кабель
өлшемі
3 x 6 мм
2
5 x 2,5 мм
2
4 x 4 мм
2
4 x 4 мм
2
20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76

Zanussi ZCV560MW1 Uživatelský manuál

Typ
Uživatelský manuál

v jiných jazycích